
Шарабасов Жайық Серікқалиұлы
Вице-министр
Өмірбаян
Жайық Шарабасов 1980 жылы Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында дүниеге келген. М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясын және Уорик университетін (Ұлыбритания) бітірген
Еңбек жолын 2003 жылы жеке құрылымда бастаған.
2004-2006 жж. - Батыс Қазақстан облысы Ішкі саясат департаментінің бөлімдерінде бас маманның міндетін атқарушы, бас маман.
2006-2010 жж. - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Дін істері комитетінің Талдау және ақпараттық-насихаттау жұмысы бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы, бас маманы.
2010-2012 жж. - Дін істері комитеті Діни бірлестіктермен жұмыс басқармасының 1-санаттағы сарапшысы.
2012 жыл - Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің Діни бірлестіктермен байланыс басқармасының бас сарапшысы.
2012-2013 жж. - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің, кейін Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің бас сарапшысы.
2013-2014 жж. - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік, мобилизациялық жұмыс және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы.
2014-2016 жж. - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Өңіраралық ынтымақтастық, талдау және өңірлерді бағалау департаменті директорының орынбасары.
2016-2017 жж. - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Өңірлік саясат, талдау және өңірлерді бағалау департаменті директорының орынбасары, кейін директоры.
2017-2019 жж. - Павлодар облысы әкімінің орынбасары.
2019 жыл - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі.
2019-2023 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2023-2025 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2025 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды.




