
Майра Тұрғанбайқызы Мелдебекова
Оқу-ағарту бірінші вице-министрі
Өмірбаян
Мелдебекова Майра Турганбайқызы 1971 жылы дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген.
1993-2005 жж. - Шымкент қаласы, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы орта мектептерде математика және информатика пәндерінің мұғалімі.
2005-2018 жж. - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жүйесінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
2018-2020 жж. - Қызылорда облысы Білім басқармасының басшысы.
2020-2021 жж. - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы.
2021-2022 жж. - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары.
2022-2025 жж. - Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары.
2025 жылғы 26 мамырда Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту бірінші вице-министрі болып тағайындалды.




