
Компаниец Сергей Евгеньевич
Вице-министр
Өмірбаян
Компаниец Сергей Евгеньевич 1986 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Астана қаласының Мемлекеттік политехникалық колледжін, Басқару институтын, Академиялық инновациялық университетін, Джордж Вашингтон университетін бітірген.
Есептеу техникасы мен автоматтандырылған жүйелерді бағдарламалық қамтамасыз ету, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, мемлекеттік және жергілікті басқару бағыттары бойынша білім алған. Ақпараттық жүйелер технологиясы саласындағы ғылым магистрі.
2006-2008 жж. - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Ақпарат және сынақ орталығы» мемлекеттік мекемесінің системотехнигі, Астана қаласы.
2008-2009 жж. - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Ақпарат және сынақ орталығы» мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары міндетін атқарушы, директорының орынбасары, директоры, Астана қаласы.
2009-2010 жж. - «Мемлекеттік қызмет персоналын басқару ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының Ақпараттық қамтамасыз ету, мониторинг және бағалау департаментінің директоры, Ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры, Астана қаласы.
2010-2011 жж. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің «Алмас» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының орынбасары, Астана қаласы.
2015-2016 жж. - «Учет Онлайн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жобаларды және инновацияларды басқару директоры, Астана қаласы.
2016-2017 жж. - «Шымкент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің нұсқаушы-көмекшісі, әдіскері, Шымкент қаласы.
2017-2018 жж. - «Green Cell» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары, «Шымкент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімі басшысының міндетін атқарушы, «Учет Онлайн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жобаларды және инновацияларды басқару директоры, «Проект Талдау орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жобаларды басқару директоры.
2018-2020 жж. - «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы Басқарма төрағасының орынбасары, Шымкент қаласы.
2020-2021 жж. - Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы, Түркістан қаласы әкімінің кеңесшісі міндетін уақытша атқарушы, Түркістан қаласы әкімінің кеңесшісі.
2021-2022 жж. - «Turkistan» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамы Басқарма төрағасының орынбасары, Түркістан қаласы.
2022-2023 жж. - «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігі орталық аппаратының Технологиялар орталығының басшысы, Астана қаласы.
2023 жыл - «MentorMe» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқарушы директоры, Алматы қаласы.
2023-2024 жж. - «Қазақстан ГАЖ Орталығы» акционерлік қоғамы Басқарма төрағасының өндіріс бойынша орынбасары, Астана қаласы.
2024-2026 жж. - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары, Астана қаласы.
2026 жылғы 18 мамырда Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды.




