
Абишева Гульнара Абдрахмановна
ҚР ОАМ «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК директоры
Өмірбаян
Солтүстік Қазақстан университетін «Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1995 жылы колледж оқытушысы ретінде бастаған.
Әр жылдары М. Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық–педагогикалық колледжінде тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары, Абу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған гимназия-интернатында оқу-тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары, Қызылжар ауданының «Парасат» мектеп-лицейінің директоры, ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты Білім беру статистикасы және бағалау ұлттық орталығының жетекші сарапшысы, Петропавл қаласы әкімінің баспасөз хатшысы – бас маман, Шал ақын ауданы білім бөлімінің басшысы, сондай-ақ «Қазақстандық Білім сарапшылары қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің президенті қызметтерін атқарған.
2024 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Өркен» балалардың әл-ауқаты жөніндегі ұлттық ғылыми-практикалық институты» КЕАҚ президентінің кеңесшісі қызметін атқарған.
Білім беру саласында 30 жылдан астам еңбек өтілі бар. Ыбырай Алтынсарин медалімен марапатталған.

