Құрылым — Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

    Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі құрылымы: ведомстволық бағынысты органдар мен ұйымдар.

    Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті

    Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің құзыреті шегінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру деңгейлерінде, қосымша білім беру, балалар мен педагогтердің құқықтарын қорғау саласында, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау жөніндегі қызметіне қатысты іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын государственный орган болып табылады, сондай-ақ ведомствоның құзыреті шегінде Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысады.

    control

    Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті

    Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын, сондай-ақ орталық атқарушы органның стратегиялық функцияларын орындауға қатысатын Министрліктің ведомствосы болып табылады.

    bala

    Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті

    Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын, сондай-ақ Комитет құзыреті шегінде орталық атқарушы органның стратегиялық функцияларын орындауға қатысатын ведомствосы болып табылады. Комитеттің мақсаты: - орта білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру; - ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; - тұлғаның зияткерлік, шығармашылық негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы зияткерлікті байыту; - Комитеттің құзыретіне кіретін көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру.

    kdso