Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті

    Комитет туралы

    Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің құзыреті шегінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру деңгейлерінде, қосымша білім беру, балалар мен педагогтердің құқықтарын қорғау саласында, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау жөніндегі қызметіне қатысты іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын государственный орган болып табылады, сондай-ақ ведомствоның құзыреті шегінде Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Білім сапасын қамтамасыз ету: жаңа талаптар, тиімді басқару және тұрақты даму

    Білім сапасын қамтамасыз ету: жаңа талаптар, тиімді басқару және тұрақты даму 9 - СЕКЦИЯ Өтетін күні мен уақыты: 2026 жылғы 26 тамыз,15:00 сағат Панельдік секцияны өткізу орны: Астана қаласы әкімдігінің «№ 104 Жалпы орта білім беретін мектеп» ШЖҚ МКК (Жошы хан көшесі, 16) Өткізу форматы: панельдік пікірталастар (ашық кәсіби диалог), баяндамалар мен презентациялар. Секцияның мақсаты: Білім беру жүйесінде білім сапасын қамтамасыз етудің заманауи талаптары мен тиімді басқару тетіктерін талқылау, сапаны басқарудың инновациялық тәжірибелері мен тұрақты даму қағидаттарын енгізу бағытындағы ғылыми-зерттеу нәтижелері мен озық тәжірибелерді тарату, сондай-ақ ғалымдар, білім беру ұйымдарының басшылары және сарапшылары арасында кәсіби ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды дамыту арқылы білім беру сапасын үздіксіз жетілдіруге ықпал ету. Қатысушылар: 80 Ұлттық білім академиясының ғылыми қызметкерлері - 4 білім сапасын қамтамасыз ету департаменттері бөлімдерінің мамандары - 36 облыстық білім бөлімдерінің басшысы – 40 Ұйымдастырушы: Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті.

    26 тамыз 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    ББМЖ-2026

    Ағымдағы жылғы 30 сәуір мен 20 мамыр аралығында республиканың орта білім беру ұйымдарында Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингісі (ББЖМ) өткізіледі. Мониторингке еліміздің 1979 мектебінен 4 және 9-сыныптардың 102 мыңнан астам оқушысы қатысады. ББЖМ нәтижелері тек диагностикалық сипатқа ие және білім алушылар үшін де, білім беру ұйымдары үшін де құқықтық салдарға әкелмейді.

    30 сәуір 2026 ж. – 20 мамыр 2026 ж.Тікелей
    Ақпарат

    Білім беру қызметіне лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру тәртібі

    Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтері саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру тәртібі 1. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы өтінішті, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтері саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі - Негізгі талаптардың тізбесі) 8-тармағында көрсетілген құжаттарды жолдайды. Мемлекеттік қызмет көрсету нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген. Порталда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінішті (сұранысты) қабылдау туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі. 2. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкеріне орындауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, медициналық қызметке лицензия туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды, ол көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" жіберіледі. 3. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде лицензияны және/немесе оған қосымшаны беру, лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу кезінде заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде: Департаменттерде: жауапты қызметкер құжаттарды тіркеген сәттен бастап 22 жұмыс күні ішінде құжаттардың біліктілік талаптарына сәйкестігін, көрсетілетін қызметті алушыға бару арқылы рұқсаттық бақылау жүргізеді, сараптама қорытындысын қалыптастырады және оны комиссияның қарауына ұсынады. Комиссия туралы ереже мен құрамы Департамент директорының бұйрығымен бекітіледі. Комиссия сараптама қорытындысын қарап, екі жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды. Комиссияның шешімі негізінде жауапты қызметкер екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына келісуге және тексеруге жіберілетін электрондық шешімді – лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қалыптастырады, ол көрсетілетін қызметті берушінің басшысына келісуге және тексеруге жіберіледі. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы шешімді тексереді және бір жұмыс күні ішінде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қояды. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың негізі анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіруі үшін тыңдаудың уақыты мен орны (әдісі) туралы хабарлайды. Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабарланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі. Хабарлама (хабархат) тапсырыс хаттың табыс етілгендігі туралы хабарламамен тапсырыс хатпен, телефонограммамен немесе телеграммамен, ұялы байланыс абоненттік құрылғысы бойынша мәтіндік хабармен немесе электрондық мекенжай бойынша не хабархаттың немесе шақырудың тіркеліп-бекітілуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланылып жіберіледі. Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жүргізіледі. Көрсетілетін қызметті алушы алдын ала шешімді алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде көрсетілетін қызметті берушінің алдын ала шешіміне қарсылығын ұсынады немесе айтады Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және/немесе оған қосымшаны беру, лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу туралы не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды.https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/documents/details/1048439?lang=kk

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттер жанындағы Педагогикалық этика жөніндегі кеңестердің қызметі туралы есеп (2026 жылдың 3-тоқсаны)

    Жеке және заңды тұлғалардың педагогикалық әдеп нормаларын бұзу мәселелері бойынша білім саласында сапаны қамтамасыз ету аумақтық департаменттеріне түскен өтініштерін қарау қорытындысы бойынша 2026 жылдың 9 айында педагогикалық әдеп нормаларын бұзудың 34 фактісі анықталды. Оның ішінде 29 факті аумақтық департаменттер жанындағы Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестердің отырыстарында қаралып, қарау нәтижелері бойынша тиісті ұсынымдар әзірленді. Тағы 5 өтініш аумақтық департаменттердің жоспардан тыс тексерулері шеңберінде қаралды. Олардың қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою және жауапты тұлғаларды заңнамаға сәйкес жауаптылыққа тарту бойынша тиісті шаралар қабылдау туралы нұсқамалар берілді.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Ресми құжаттарды апостильдеу (2026 жылдың 3-тоқсаны)

    Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу. Апостиль – құжаттамаға қол қойған адамның қолын және оның өкілеттіктерін, сондай-ақ осы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын растайтын арнайы мөртаңба. Апостиль қою рәсімін Ережеге сәйкес аумақтық департаменттер жүзеге асырады (ҚР Оқу-ағарту министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 209 бұйрығы). 2026 жылдың 3тоқсанында Апостиль қойылған құжаттардың жалпы саны – 5 815, бас тартылған - 493, мерзімі бұзылып орындағаны – 0.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Лицензиялау (2026 жылдың 3-тоқсаны)

    Заңды тұлғалардың білім беру қызметі заңнамаға сәйкес, білім беру саласында және Рұқсаттар мен хабарламаларда міндетті лицензиялауға жатады. Білім беру қызметін лицензиялау «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 483 бұйрығы) ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Білім туралы және өкілеттіктерді шектеу туралы заңнамасына сәйкес келеді («Білім туралы» ҚР Заңының 57-бабының 1-тармағы). Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін («Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңының 29-бабы 3-тармағының 7-тармағы) заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар ұсынылады. Біліктілік талаптары ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығымен бекітілген. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті діни білім беру бойынша білім беру саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар болып табылады. Аумақтық департаменттері бастауыш білім беру, негізгі орта білім беру, жалпы орта білім беру, біліктіліктер бойынша техникалық және кәсіптік білім беру, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру көрсетілетін қызметтерін лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарлар болып табылады. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жібереді www.egov.kz, www.elicense.kz. Лицензияны және/немесе оған қосымшаны беру – 30 жұмыс күнінен кешіктірмей; лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу – үш жұмыс күнінен кешіктірмей; заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару, бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу – 30 жұмыс күнінен кешіктірмей. 2026 жылдың үшінші тоқсаны бойыншалицензия және (немесе) лицензияға қосымшалар беруге қаралған өтініштердің саны барлығы – 534,оның 297бойынша оңтайлы шешім қабылданған, 237 өтініш бойынша бас тартылған. 2026 жылдың 9 айы бойыншалицензия және (немесе) лицензияға қосымшалар беруге қаралған өтініштердің саны барлығы – 1478,оның 866бойынша оңтайлы шешім қабылданған, 612 өтініш бойынша бас тартылған.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша және нұсқамалардың орындалуын бақылау бойынша жоспардан тыс тексерулер (2026 жылдың 3-тоқсаны)

    2026 жылдың III тоқсанында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық департаменттерінің қызметкерлері 57 жоспардан тыс тексеру жүргізді. Оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша – 33 (57,8%), нұсқамалардың орындалуын бақылау бойынша – 12 (2%), прокурордың талап етуі бойынша – 9 (15,7%), мемлекеттік органдардың өтініштері бойынша – 3 (5,4%) тексеру жүргізілді. Жоспардан тыс тексерулердің қорытындысы бойынша педагогтердің лауазымдық міндеттерін және педагогикалық әдеп нормаларын сақтамауына, білім беру ұйымының жарғысында айқындалған функцияларды орындамауына, мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог лауазымдарына тағайындауға конкурс өткізу тәртібінің талаптарына сәйкес келмеуіне және өзге де бұзушылықтарға байланысты 65 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды. Ең көп анықталған бұзушылықтар көрсетілетін білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес келмеуіне, білім беру ұйымдарының қызметінің үлгілік қағидалары мен білім алушыларды қабылдаудың үлгілік қағидалары талаптарының сақталмауына, сондай-ақ тәрбиеленушілер мен білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау жөніндегі міндеттердің орындалмауына қатысты болды. Аталған бұзушылықтарды жасағаны үшін білім беру ұйымдарының басшылары әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармайтын профилактикалық бақылау «Білім туралы» ҚР Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады (2026 жылдың 3-тоқсаны)

    Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды Комитеттің аумақтық бөлімшелері өзін-өзі бағалау материалдарының деректерін білім беру ұйымдарының, олардың басқару органдарының интернет-ресурстарында, білім беру платформаларында және білім беру саласындағы ақпараттық жүйелерде орналастырылған нақты деректермен талдау, зерделеу және салыстыру арқылы жүргізеді. 2026 жылы аумақтық бөлімшелердің 2185 білім беру ұйымында, оның ішінде 1948 мектепке дейінгі білім беру ұйымында, 227 орта білім беру ұйымында, 10 техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымында мемлекеттік аттестаттау жүргізуі жоспарланған болатын. Екінші тоқсанның қорытындысы бойынша мемлекеттік аттестаттау рәсімінен өткен білім беру ұйымдарының саны 971-ті (44,4%) құрады, оның ішінде 968 мектепке дейінгі білім беру ұйымы бар. Орта білім беру ұйымдары мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын аттестаттау жүргізілген жоқ. 2026 жылдың 3 тоқсанында таратылуына байланысты 3 білім беру ұйымы (Түркістан облысының 2 балабақша, Алматы қаласы-1 балабақша) қызметін тоқтатты.

    Жарияланды: