Білім беру қызметіне лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру тәртібі

    Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті

    Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтері саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру тәртібі

    1. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы өтінішті, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтері саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі - Негізгі талаптардың тізбесі) 8-тармағында көрсетілген құжаттарды жолдайды.

    Мемлекеттік қызмет көрсету нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген.

    Порталда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінішті (сұранысты) қабылдау туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.

    2. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкеріне орындауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

    Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

    Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, медициналық қызметке лицензия туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

    Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды, ол көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" жіберіледі.

    3. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде лицензияны және/немесе оған қосымшаны беру, лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу кезінде заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде:

    Департаменттерде:

    жауапты қызметкер құжаттарды тіркеген сәттен бастап 22 жұмыс күні ішінде құжаттардың біліктілік талаптарына сәйкестігін, көрсетілетін қызметті алушыға бару арқылы рұқсаттық бақылау жүргізеді, сараптама қорытындысын қалыптастырады және оны комиссияның қарауына ұсынады. Комиссия туралы ереже мен құрамы Департамент директорының бұйрығымен бекітіледі.

    Комиссия сараптама қорытындысын қарап, екі жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды.

    Комиссияның шешімі негізінде жауапты қызметкер екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына келісуге және тексеруге жіберілетін электрондық шешімді – лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қалыптастырады, ол көрсетілетін қызметті берушінің басшысына келісуге және тексеруге жіберіледі.

    Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы шешімді тексереді және бір жұмыс күні ішінде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қояды.

    Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың негізі анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіруі үшін тыңдаудың уақыты мен орны (әдісі) туралы хабарлайды.

    Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабарланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.

    Хабарлама (хабархат) тапсырыс хаттың табыс етілгендігі туралы хабарламамен тапсырыс хатпен, телефонограммамен немесе телеграммамен, ұялы байланыс абоненттік құрылғысы бойынша мәтіндік хабармен немесе электрондық мекенжай бойынша не хабархаттың немесе шақырудың тіркеліп-бекітілуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланылып жіберіледі.

    Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жүргізіледі.

    Көрсетілетін қызметті алушы алдын ала шешімді алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде көрсетілетін қызметті берушінің алдын ала шешіміне қарсылығын ұсынады немесе айтады

    Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және/немесе оған қосымшаны беру, лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу туралы не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды.

    https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/documents/details/1048439?lang=kk

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттер жанындағы Педагогикалық этика жөніндегі кеңестердің қызметі туралы есеп (2026 жылдың 3-тоқсаны)

    Жеке және заңды тұлғалардың педагогикалық әдеп нормаларын бұзу мәселелері бойынша білім саласында сапаны қамтамасыз ету аумақтық департаменттеріне түскен өтініштерін қарау қорытындысы бойынша 2026 жылдың 9 айында педагог...

    Ақпарат

    Ресми құжаттарды апостильдеу (2026 жылдың 3-тоқсаны)

    Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу. Апостиль – құжаттамаға қол қойған адамның қолын және оның өкілеттіктерін, с...

    Ақпарат

    Лицензиялау (2026 жылдың 3-тоқсаны)

    Заңды тұлғалардың білім беру қызметі заңнамаға сәйкес, білім беру саласында және Рұқсаттар мен хабарламаларда міндетті лицензиялауға жатады. Білім беру қызметін лицензиялау «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық...

    Ақпарат

    Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша және нұсқамалардың орындалуын бақылау бойынша жоспардан тыс тексерулер (2026 жылдың 3-тоқсаны)

    2026 жылдың III тоқсанында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық департаменттерінің қызметкерлері 57 жоспардан тыс тексеру жүргізді. Оның ішінде жеке...

    Ақпарат

    Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармайтын профилактикалық бақылау «Білім туралы» ҚР Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады (2026 жылдың 3-тоқсаны)

    Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды Комитеттің аумақтық бөлімшелері өзін-өзі бағалау материалдарының деректерін білім беру ұйымдарының, олардың басқару органдарының интернет-ресурстарында, білім беру платформа...

    Ақпарат

    ТЖКБ мамандықтары бойынша аккредиттелген білім беру бағдарламаларының тізілімі (3-тізілім) (2026 жылғы 10 қыркүйектегі жағдай бойынша)

    Ақпарат

    Аккредиттелген білім беру ұйымдарының тізілімі (2-тізілім) (2026 жылғы 10 қыркүйектегі жағдай бойынша)

    Ақпарат

    Танылған аккредиттеу органдарының тізілімі (1-тізілім) (2026 жылғы 10 қыркүйектегі жағдай бойынша)