Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті·Жаңалықтар мұрағаты
Педагогтердің кәсіби әдеп қағидаттарын жетілдіру мәселелері талқыланды
Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Білім беруде академиялық адалдықты қамтамасыз ету жөніндегі меморандумды іске асыру бойынша 2026–2027 жылдарға арналған Жол картасы аясында жұмыс тобының отырысын ұйымдастырды.
Отырыс барысында педагогтердің кәсіби әдеп нормаларын заман талабына сай жетілдіру, білім беру ұйымдарында академиялық адалдық пен ашықтық қағидаттарын нығайту мәселелері талқыланып, қатысушылар өз ұсыныстарын білдірді.
Жұмыс тобының ұсыныстары негізінде педагогикалық әдеп нормаларын жетілдіру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.








