Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында білім беру ұйымдарында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалануға тәрбиелеу бағытындағы жұмыстар жалғасуда.
Қызылорда облысында жүзеге асырылып жатқан «Су және білім» жобасы аясында 55 білім беру ұйымынан 67 мыңнан астам бала мен жас қамтылды. Жобаға 1 773 педагог тартылып, 2 843 интерактивті сабақ өткізілді, 55 мектептік су клубы құрылып, 4 876 экологиялық бастама іске асырылды.
Жоба нәтижесінде қатысушылардың суды үнемдеу мәселелері бойынша білім деңгейі 48,8%-дан 93%-ға дейін артты. Педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету мақсатында 17 тақырыптық бөлімнен, интерактивті тапсырмалар мен практикалық материалдардан тұратын «Су сандығы» білім беру ресурсы әзірленді.
29–30 қазанда Қызылорда қаласында білім беру арқылы экологиялық мәдениет пен суды үнемдеу дағдыларын қалыптастыруға арналған республикалық семинар өтуде. Оған еліміздің 20 өңірінен білім беру саласының 250-ден астам өкілі қатысуда.
Семинар барысында қатысушылар озық білім беру тәжірибелерімен алмасып, оқушылардың зерттеу жобаларын, су үнемдеу технологиялары мен экологиялық бастамаларды таныстыруда. Қызылорда облысының тәжірибесін еліміздің басқа өңірлеріне таратуға және мектептік су клубтарының желісін кеңейтуге ерекше назар аударылуда.
Іс-шара ҚР Оқу-ағарту министрлігі, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі, Қазақстандағы ЮНИСЕФ, Қызылорда облысының әкімдігі және серіктес ұйымдардың қатысуымен ұйымдастырылды. Жоба Француз даму агенттігінің (AFD) қаржылық қолдауымен жүзеге асырылуда.
67 мыңнан астам бала мен жас экологиялық мәдениет пен суды үнемдеу жобасына қамтылды
1 / 9
Ұқсас материалдар

Шетелдік делегация «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының цифрлық шешімдерімен танысты
Теректі ауданы әкімдігіАшу
Құрылыс нысандарындағы қауіпсіздік – әркімнің жауапкершілігі!
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Астана қаласы бойынша департаментіАшу
Қазақстанның бес өңірінде «Ауылды дамыту командасы» пилоттық жобасы іске қосылады
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіАшу
Хабарландыру
Журавлевка ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Қазақстан Республикасының Черногориядағы Бас консулдығыАшу
"Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі" жаңалықтары
Қазақстан колледждері жыл сайын 51 мыңнан астам жұмысшы мамандықтарын шығарады
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшу
Қазақстанның 20 өңірінде жаңа форматтағы мектептер салынады
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшу
Қазақстан Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасында «Білім беру» көрсеткіші бойынша бірінші орынға ие болды
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшу
Қостанай облысында білім беру ұйымдарының аумағында жеміс бақтары құрылуда
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшу
Қазақстанда оқушылардың кітап оқу мәдениетін дамыту мүмкіндіктері кеңейіп келеді
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшу