Сембиев Батырхан Лесұлының 63 жасқа толуына орай волейболдан облыстық турнир өтті!

    1 / 14
    Сембиев Батырхан Лесұлының 63 жасқа толуына орай волейболдан облыстық турнир өтті!
    2026 жылғы 24 қазанда Сембиев Батырхан Лесұлының 63 жас мерейтойына орай волейболдан облыстық турнир ұйымдастырылды.
    Аталған жарысқа облыстың әр өңірінен келген 8 команда қатысып, өзара бақ сынасты. Спортшылар тартысты ойын өрнегін көрсетіп, жеңіске деген жігері мен командалық бірлігін танытты. Жарыс барысында қатысушылар арасында достық қарым-қатынас нығайып, салауатты өмір салтын насихаттауға ерекше мән берілді.
    Бұл турнир – спортқа деген сүйіспеншілікті арттырып қана қоймай, волейболды дамытуға, жастарды бұқаралық спортқа тартуға және аға буынның өнегелі жолын дәріптеуге бағытталған маңызды іс-шара.
    Турнирдің қорытындысымен:
    І орын - Төрткүл командасы (Ордабасы)
    ІІ орын - Ақтөбе командасы (Отырар)
    ІІІ орын - Бәйдібек командасы иеленіп, жүлделі орын алған командаларға сый-сияпаттар тапсырылып, жеке ойыншыларға қолдау білдірілді.
    Мерейтой иесі Сембиев Батырхан Лесұлына зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық, еңбегіне табыс тілейміз! Спорт саласындағы абыройыңыз асқақтап, мерейіңіз үстем болсын!
    Турнирдің жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан ұйымдастырушыларға, демеушілерге, төрешілерге және жарысқа қатысқан барлық командаларға алғыс білдіреміз!
    Спорт – достықтың дәнекері, бірліктің белгісі!
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Отырар ауданы әкімдігінің "Ақтөбе ауыл округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары