
🌿
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Ақтөбе ауыл округі әкімшілігінің мамандары және учаскелік полиция инспекторының қатысуымен ауыл аумағындағы дүкен иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Түсіндіру жұмыстарының барысында сауда нысандарының және үйлердің қасбеттерінің айналасын 5 метрге дейінгі қашықтықты таза әрі абаттандырылған күйде ұстау, санитарлық тазалық талаптарын сақтау, қоқыстарды белгіленбеген орындарға тастамау, дүкен маңындағы аумақтың тазалығына жауапкершілікпен қарау мәселелері түсіндірілді.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқықбұзушылық туралы Заңының 505-бабына сәйкес, "Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру" жағдайлары орын алса, ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Сонымен қатар, мал ұрлығының алдын алу, интернет алаяқтықтан сақтану және дүкен иелеріне бейнебайланыс камераларын орнатуға ұсыныстар жасалды!
🌱 Таза ауыл – барша тұрғындарға ортақ жауапкершілік!
🤝 Тазалықты сақтау – әрқайсымыздың міндетіміз!
Ақтөбе ауыл округі әкімшілігі




