Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үшжақты комиссия отырысы өткізілді.

    Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үшжақты комиссия отырысы өткізілді.

    Ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінде Исатай аудандық әкімдігінің төрағалығымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үшжақты комиссия отырысы өткізілді.
    Аталған кеңеске комиссия мүшелері және Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы, ақпараттық-талдау бөлімінің басшысы Убигалиева Самал Жалғасқызы қатысты.
    Күн тәртібінде жұмыс жасайтын қызметкерлердің еңбек ұжымдары арасындағы еңбек дауларын болдырмау, еңбек қауіпсіздігі, қызметкерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету, ұжымдық шарттың жасалуы, жалақы мөлшерін көтеру, жұмыскерлердің жұмыстан негізсіз қысқартылуына жол бермеу, жалақының, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың уақытылы және толық төленуі мәселелері қаралып, талқыланды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті" жаңалықтары