Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері түсіндірілді

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері түсіндірілді

    Бүгін Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түсіндіру іс-шарасы өткізілді.

    Іс-шараға Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы К. Иманғалиев төрағалық етті.

    Семинарға арнайы шақырылған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Арман Болатұлы Абсиметов мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптарын түсіндірді.

    Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы негізгі талаптар, мемлекеттік қызметшілерге қойылатын міндеттер мен шектеулер, мүдделер қақтығысының алдын алу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды.

    Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін орындау барысында заңнама талаптарын және қызметтік әдеп нормаларын сақтауына, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды мүлтіксіз орындауына ерекше назар аударылды.

    Іс-шара соңында қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тиісті түсіндірмелер ұсынылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті" жаңалықтары