
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің Еңбек заңнамасы бөлімінің басшысы Ж. Ермеккалиева және бас маманы М. Губайдуллин «Даларо /Оверсиз/ Лимитед» ЖШС қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптары, еңбек шартын жасасу және тоқтату тәртібі, жұмыс уақыты, еңбек демалысы, жалақы төлеу, сондай-ақ жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттері түсіндірілді.
Іс-шараның мақсаты – еңбек қатынастары саласындағы құқықтық сауаттылықты арттыру және еңбек заңнамасының талаптарын сақтау бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізу.









