
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторлары Ж. Ермеккалиева мен Д. Ахметова «Caspian Kashagan Logistics» ЖШС қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы, оның ішінде еңбек қатынастарын реттейтін негізгі нормалар мен жұмыскерлердің еңбек құқықтары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда, еңбек шартын жасасу, өзгерту және тоқтату тәртібі, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын беру, жалақы төлеу, жұмыскерлердің еңбек құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек қатынастарын заңнама талаптарына сәйкес рәсімдеу мәселелері түсіндірілді.
Сонымен қатар, еңбек қатынастары барысында туындайтын мәселелерді заңнама шеңберінде реттеу, тараптардың құқықтары мен міндеттерін сақтау және еңбек дауларының алдын алу мәселелеріне назар аударылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жұмыскерлердің еңбек құқықтары мен міндеттері туралы құқықтық сауаттылығын арттыру, еңбек заңнамасының талаптарын түсіндіру және еңбек қатынастары саласында заң бұзушылықтардың алдын алу.
Мемлекеттік еңбек инспекциясы еңбек заңнамасының талаптарын сақтау бағытындағы түсіндіру және алдын алу жұмыстарын тұрақты негізде жалғастыруда.









