
Ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы С.Төлегенов Жылыой ауданы Құлсары қаласында «Атырау Жарық» ЖШС-нің Жылыой АЭС-нің жұмыскерімен орын алған жазатайым оқиға бойынша арнайы тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізді.
Комиссия мүшелері тергеп-тексеру кезінде жазатайым оқиғаның мән-жайы, орын алу себебі, оқиға орны мен жұмыс берушінің құжаттарын зерделеп, оқиға куәларынан түсініктеме мен сауалнамалар алды.
Қазіргі таңда, орын алған жазатайым оқиға бойынша комиссия мүшелерімен тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, тергеп-тексеру барысында жұмыскерлерге еңбек заңнамасы талаптары түсіндіріліп, қойылған сұрақтарына жауап беріліп, жұмыскерлердің еңбек міндеттерін атқарған кезде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтау, жазатайым оқиғалардың алдын алу және болдырмау туралы түсіндірме жүргізілді.








