Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы М.М.Ахметов Атырау облысына жұмыс сапарымен келді

    Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы М.М.Ахметов Атырау облысына жұмыс сапарымен келді

    Ағымдағы жылы 28 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы Мейрамбек Маратұлы Ахметов жұмыс сапарымен Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіне келіп, еңбек ұжымымен кездесті.

    Кездесу барысында М.Ахметов мемлекеттік қызметкерлермен жеке танысып, әңгімелесіп, олардың еңбек жағдайларын, жұмыс барысындаға өзекті мәселелерді тыңдай отырып, өңірдегі еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, еңбек қатынастарын реттеу, азаматтардың еңбек құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарының орындалуын бақылау бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстарды тындады.

    Комитет төрағасы өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халықтың талап-тілегіне құлақ асатын мемлекет қағидатын орнықтыру, азаматтардың өтініштері мен мәселелеріне жедел әрі сапалы жауап беру, мемлекеттік органдардың халықпен ашық және тиімді байланысын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларының маңыздылығына тоқталды.

    Осы ретте еңбек инспекциясы органдарының қызметі азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауға және еңбек қатынастары саласындағы мәселелерді уақтылы шешуге тікелей бағытталуы тиіс екені атап өтілді.

    М.Ахметов департамент қызметкерлеріне Мемлекет басшысы мен Министрлік тарапынан қойылған міндеттерді сапалы әрі белгіленген мерзімде орындауды, халықпен кері байланысты күшейтуді және азаматтардың өтініштерін қарау кезінде олардың мәселелеріне формалды емес, нақты нәтижеге бағытталған тәсілмен қарауды тапсырды.

    Сонымен қатар еңбек дауларының алдын алу, жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасындағы еңбек қатынастарын заң талаптарына сәйкес жүргізу, өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу және еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Жұмыс сапары барысында кадрлық өзгерістерге байланысты Департаменттің бұрынғы басшысы И.Аубакировке Атырау облысы бойынша еңбек инспекциясы саласында атқарған қызметі және департамент жұмысына қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, оның Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы басшысы қызметіне тағайындалуына байланысты жаңа лауазымына табыс тілектері жеткізілді.

    Департаменттің жаңа басшысы Кемел Құрманғалиұлы Иманғалиевке қызметіне сәттілік тілеп, еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтарын қорғау және департамент жұмысының тиімділігін арттыру бағытында бірқатар міндеттер жүктелді.

    Кездесу соңында Еңбек күніне орай осы салада абыройлы еңбек етіп жүрген, Еңбек заңнамасы бөлімінің басшысы Ж.Ермеккалиеваға, Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды бақылау бөлімінің бас маманы С.Төлегеновке, Талдау бөлімінің бас маманы А.Ахатоваға Алғыс хаттар табысталды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті" жаңалықтары