
Аймақ басшысы белгілі журналист, өлкетанушы әрі зерттеуші Асқар Идош Мұсақұлымен кездесіп, оның журналистикаға, туған өлкенің тарихын зерттеуге қосқан еңбегін атап өтті. Асқар Идош ұзақ жылдар бойы «Ақтөбе» облыстық газетінде қызмет етіп, өңірдің тарихы мен көрнекті тұлғалары туралы құнды еңбектер қалдырған.
Сондай-ақ Асхат Шахаров 91 жастағы еңбек ардагері Надежда Соколованы құттықтады. Надежда Николаевна «Әуежөндеу» АҚ зауытында 40 жылдан астам еңбек етіп, өндірістік бақылау маманы болып қызмет атқарған.
Кездесулер барысында облыс әкімі аға буынға құрмет көрсету мен қамқорлық жасаудың маңызын атап өтті.
«Ардагерлеріміз бен аға буын өкілдері – тарихымыз бен рухани құндылықтарымыздың сақтаушылары. Олардың еңбегін бағалап, өмір жолын құрметтеу – біздің парызымыз»,
– деді Асхат Шахаров.
Аймақ басшысы ардагерлерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, амандық пен бақ-береке тіледі.









