Қазақстанда инклюзивті білім беруді дамыту, арнайы ұйымдар желісін кеңейту және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды сүйемелдеу үшін мамандар даярлау жалғасуда. Мемлекет басшысының Жолдауда берілген тапсырмаларын жүзеге асыру аясында жаңа форматтағы арнайы мектептер салу көзделген. Бұл туралы Үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова баяндады.
Бүгінде Қазақстанда ерекше білім беру қажеттіліктері бар 237 мыңнан астам бала бар. Елімізде 541 ұйым жұмыс істейді. Президент Жолдауын жүзеге асыру аясында 20 өңірде 1 мың орындық жаңа форматтағы арнайы мектептер, сондай-ақ облыстарда 600 орындық оңалту және сауықтыру кабинеттері бар ұйымдар салу көзделген.
Білікті мамандарды даярлауға ерекше көңіл бөлінеді. Мәселен, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін мамандарды даярлау еліміздің
17 педагогикалық жоғары оқу орнында және 9 колледжде жүзеге асырылады. 2027 жылы колледждер 500-ден астам логопедтер шығаруды жоспарлап отыр.
Балаларға жеке қолдау көрсетуде педагог-ассистенттер де маңызды рөл атқарады. Білім беру ұйымдарында 7,5 мың педагог-ассистент жұмыс істейді. Биылғы оқу жылында 6 колледжде педагог-ассистенттерді даярлау басталды, 210 студент қабылданды.
Ерекше білім беру қажеттіліктерін уақтылы анықтау мақсатында психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларды ашу нормативтері 40 мың балаға шаққандағы есеппен қайта қаралады, бүгінде 1 ПМПК ашу нормативі 50 мың балаға шаққандағы есеппен айқындалады.
Арнайы ұйымдардың инфрақұрылымын жаңғырту маңызды бағыт болып қала береді. 2024 жылы «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен 99 арнайы мектептің оқу кабинеттері мен шеберханалары жаңартылды. Қормен бірлескен жобаларды жүзеге асыру жұмыстары жалғасатын болады.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды кешенді қолдаудың тиімді ведомствоаралық жүйесін қалыптастыру мақсатында Инклюзивті білім беруді дамытудың 2026–2030 жылдарға арналған ведомствоаралық кешенді жоспары бекітілді. Оны жүзеге асыру ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау жүйесін жетілдіруге және өңірлерде білім беру қызметтерінің қолжетімділігін одан әрі арттыруға бағытталған.
Қазақстанның 20 өңірінде жаңа форматтағы мектептер салынады
Ұқсас материалдар

Шетелдік делегация «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының цифрлық шешімдерімен танысты
Теректі ауданы әкімдігіАшу
Құрылыс нысандарындағы қауіпсіздік – әркімнің жауапкершілігі!
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Астана қаласы бойынша департаментіАшу
Қазақстанның бес өңірінде «Ауылды дамыту командасы» пилоттық жобасы іске қосылады
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіАшу
Хабарландыру
Журавлевка ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Қазақстан Республикасының Черногориядағы Бас консулдығыАшу
"Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі" жаңалықтары

67 мыңнан астам бала мен жас экологиялық мәдениет пен суды үнемдеу жобасына қамтылды
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшуҚазақстан колледждері жыл сайын 51 мыңнан астам жұмысшы мамандықтарын шығарады
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшу
Қазақстан Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасында «Білім беру» көрсеткіші бойынша бірінші орынға ие болды
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшу
Қостанай облысында білім беру ұйымдарының аумағында жеміс бақтары құрылуда
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшу
Қазақстанда оқушылардың кітап оқу мәдениетін дамыту мүмкіндіктері кеңейіп келеді
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшу