Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда білім сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, заманауи мектеп инфрақұрылымын дамытуға және педагогтердің әлеуетін нығайтуға бағытталған ауқымды реформалар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Бұл бағыттар адами капиталды дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі болып саналады.
2025 жылғы Жаһандық инновациялар индексінің (Global Innovation Index) нәтижесі бойынша Қазақстан Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасында «Білім беру» көрсеткіші бойынша бірінші орынға ие болды. Әлемдік рейтингте еліміз 68-орынға шықты.
Халықаралық менеджментті дамыту институтының (IMD) Әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингінде де оң динамика байқалды. «Білім беру» көрсеткіші бойынша Қазақстан 69 елдің арасында 2021 жылғы 45-орыннан 2025 жылы 38-орынға көтеріліп, соңғы бес жылдағы ең жоғары нәтижеге қол жеткізді.
Тағы бір маңызды жетістік - Қазақстанның орта білім беру жүйесіндегі оқушылар мен педагогтер санының арақатынасы бойынша 69 елдің арасында екінші орын алуы. IMD-ның Әлемдік таланттар рейтингінің мәліметіне сәйкес, елімізде бір педагогке 8,34 оқушыдан келеді.
Мемлекеттік саясат аясында білім беру инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасуда. Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 460 мың оқушы орнына арналған 217 заманауи мектеп салынды. Сонымен қатар педагогтерді қолдау шаралары жетілдіріліп, білім сапасын арттыруға қажетті жағдайлар жасалуда.
Халықаралық рейтингтердің көрсеткіштері Қазақстанның білім беру саласындағы орнын айқындап, адами капиталды нығайтудағы білім беру жүйесін жүйелі дамытудың маңызын көрсетеді.
Қазақстан Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасында «Білім беру» көрсеткіші бойынша бірінші орынға ие болды
Ұқсас материалдар

Президент жолдауы: алдағы даму бағыты айқын
Жетес би ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
Әлеуметтік фронт-офистегі ашық есік күні
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментіАшуЗейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Шет ауданының әкімдігіАшу
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты 2026 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы туралы ақпараттық анықтама
Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы ЕлшілігіАшу
АУДАН ПРОКУРОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Сарыағаш ауданы әкімінің аппаратыАшу
"Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі" жаңалықтары

67 мыңнан астам бала мен жас экологиялық мәдениет пен суды үнемдеу жобасына қамтылды
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшуҚазақстан колледждері жыл сайын 51 мыңнан астам жұмысшы мамандықтарын шығарады
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшу
Қазақстанның 20 өңірінде жаңа форматтағы мектептер салынады
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшу
Қостанай облысында білім беру ұйымдарының аумағында жеміс бақтары құрылуда
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшу
Қазақстанда оқушылардың кітап оқу мәдениетін дамыту мүмкіндіктері кеңейіп келеді
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшу