Білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу (ББЖМ) білім беру ұйымдарына тәуелсіз оқыту сапасын жүйелі үздіксіз бақылау түрі болып табылады.
ББЖМ бастауыш, негізгі орта білім беру ұйымдарында (4,9 сыныптар) және алғаш рет техникалық және кәсіптік, орта білімнен (ТжКБ) кейінгі ұйымдарда өтетін болады.
ББЖМ мақсаты:
- Бастауыш және негізгі орта білім деңгейінде – білім алушылардың білім сапасын білім берудің тиісті деңгейлерінің жаңартылған мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты шеңберінде бағалау;
- ТжКБ деңгейінде – жалпы білім беру пәндері және (немесе) кәсіптік модульдерді меңгеру деңгейін ТжКБ мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігін анықтау.
ББЖМ-ны өткізу:
мектептерде 4 және 9 сыныптар деңгейінде функционалдық сауаттылық және құзыреттілік деңгейін анықтауға, яғни өмірлік жағдайларда білім мен дағдыларды қолдануға, сондай-ақ талдамалық, логикалық ойлауды дамытуға бағытталатын болады.
- колледждерде білім алушыларда жалпы және кәсіби құзыреттіліктің қалыптасу деңгейін анықтауға бағытталатын болады.