Педагогтерді кәсіби міндеттермен байланысты емес жұмыс түрлеріне тарту (білім беру ұйымдарындағы жөндеу жұмыстары, шағын учаскелерді аралау және т. б.), Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы заңнамасында көзделмеген артық есептілікті не ақпаратты талап ету, оған тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі міндеттерді жүктеу (мерзімді басылымдарға мәжбүрлеп жазылу және т. б.) жағдайларында қандай шаралар қолданылады?

    Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

    Сұрақ

    Педагогтерді кәсіби міндеттермен байланысты емес жұмыс түрлеріне тарту (білім беру ұйымдарындағы жөндеу жұмыстары, шағын учаскелерді аралау және т. б.), Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы заңнамасында көзделмеген артық есептілікті не ақпаратты талап ету, оған тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі міндеттерді жүктеу (мерзімді басылымдарға мәжбүрлеп жазылу және т. б.) жағдайларында қандай шаралар қолданылады?

    Жауап

    «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес педагогтердің жұмыс уақытына атқаратын лауазымына қарай: оқу (оқытушылық), тәрбие жұмысы, білім алушылармен жеке жұмыс, ғылыми, шығармашылық және зерттеу жұмысы, сондай-ақ лауазымдық міндеттермен және (немесе) жеке жоспарда көзделген басқа да педагогикалық жұмыс: әдістемелік, дайындық, ұйымдастырушылық, диагностикалық, мониторингтік жұмыс, білім алушылармен тәрбиелік, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық, шығармашылық және өзге де іс-шаралар жоспарларымен көзделген жұмыс кіреді.

    Педагогке тән емес функцияларға тартуға, шамадан тыс есеп беруге, негізсіз тексерулер жүргізуге тыйым салуды белгілеу арқылы жүктемені қысқарту бойынша нормалар жеке көзделген.

    Педагогтің кәсіби қызметін жүзеге асыру кезінде:

    1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны кәсіптік міндеттермен байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға;

    2) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделмеген есептілікті ақпаратты талап етуге;

    3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген тексерулерді жүргізуге;

    4) тауарлар мен қызметтерді сатып алу жөніндегі міндетті жүктеуге жол берілмейді.

    Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының педагогтерін олардың кәсіптік қызметін жүзеге асыруы кезінде мемлекеттік емес ұйымдардың іс-шараларын өткізуге, тартуға жол берілмейді.

    "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі - ӘҚБтК) (409-баптың 7-3-тармағы) сәйкес педагог мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын мынадай нысанда жасалған бұзушылық:

    Педагогтің кәсіби қызметін жүзеге асыру кезінде:

    1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны кәсіптік міндеттермен байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға;

    2) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделмеген есептілікті ақпаратты талап етуге;

    3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген тексерулерді жүргізуге;

    4) тауарлар мен қызметтерді сатып алу жөніндегі міндетті жүктеуге жол берілмейді.

    5) мемлекеттік орта білім беру ұйымының педагогін өз кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде мемлекеттік емес ұйымдардың іс-шараларын өткізуге тарту түрінде жасалған бұзушылық ескерту жасауға алып келеді.

    Жоғарыда көрсетілген әрекеттерді қайталап жасаған кезде ( әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде) (409-баптың 7-4-тармағы) лауазымды адамдарға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

    Педагогке өзінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде былапыт сөйлеуден, лайықсыз мінез-құлықтан, мазақ қылудан, әбес қылықтар (белгілер), заттар көрсетуден көрінген, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы құрметтемеушілік таныту жеке тұлғаларға 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді(409-баптың 7-6-тармағы).

    Егер бұл әрекеттерді он екі жастан он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жасаған болса ата-анаға немесе оларды алмастыратын адамдарға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді (409-баптың 7-7-тармағы).

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Мен, Сайлауханов Адлет (Семей), баламның балабақшаға кезегін тексеретін сілтемені жіберсеңіз

    Жауап

    Балабақшаға жолдама алу үшін http://indigo.bilim-semey.gov.kz. автоматтандырылған мәліметтер базасы енгізілді. Ата-аналардың өздері баланың ЖСН-ін енгізу арқылы жолдаманы ала алады. Бұл дерекқорда кезекті басқару жүйесі күн сайын таңғы сағат 07:00-де (жеті) мектепке дейінгі ұйымғ...

    Сұрақ

    Оқушыларға өткізуге болатын максималды ТЖБ саны (8 сынып) қанша?

    Жауап

    2-11 сыныптарда БЖБ 1 рет жүргізіледі, тоқсан аяғында ТЖБ 1 рет. Оқу пәндерінің күрделілік деңгейін ескере отырып, бір күнде үшеуден аспайтын ТЖБ өткізуге рұқсат етіледі. ТЖБ тоқсанның соңғы күнінде өткізілмейді.

    Сұрақ

    Отбасылық жағдайға байланысты оқуды онлайн форматқа ауыстыруға болады ма?

    Жауап

    Онлайн форматта білім алуға төменде көрсетілген студенттерге ғана рұқсат етілген: Бала күтіміне байланысты; Жүкті студенттерге; Шетел азаматтығындағы студенттер.

    Сұрақ

    Білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу (ББЖМ) дегеніміз не? ББЖМ қорытындысының құқықтық салдары бар ма?

    Жауап

    Білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу (ББЖМ) білім беру ұйымдарына тәуелсіз оқыту сапасын жүйелі үздіксіз бақылау түрі болып табылады. ББЖМ бастауыш, негізгі орта білім беру ұйымдарында (4,9 сыныптар) және алғаш рет техникалық және кәсіптік, орта білімнен (ТжКБ) ке...

    Сұрақ

    Қандай жағдайларда білім беру ұйымдарында мемлекеттік бақылау шараларын жүргізу көзделген?

    Жауап

    «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 59-бабы 2-тармағына (бұдан әрі – Заң) сәйкес, білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау объектілеріне жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметі және білім алушылардың т...

    Сұрақ

    Спорт секцияларын өткізгені үшін дене шынықтыру мұғалімдеріне қосымша ақы қалай төленеді?

    Жауап

    "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 399 Заңында (бұдан әрі-заң) дене шынықтыру педагогтеріне негізгі жұмыс орны...

    Сұрақ

    Егер жылдық бағалар "өте жақсы" болса, тоқсандық бағалар "Алтын белгі" белгісін алуға әсер ете ме?

    Жауап

    "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурызд...