Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанның барлық 20 өңірінде психологиялық қолдау орталықтары жұмыс істейді. Олардың қызметі балаларға, ата-аналар мен педагогтерге психологиялық көмек көрсетуге, кәмелетке толмағандар арасындағы буллингтің, зорлық-зомбылықтың және суицидтік мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған.
2026 жылдың басынан бері орталықтарда 33 мыңнан астам адамға консультациялық көмек көрсетілді. Олардың қатарында 19 мыңға жуық бала, 10 мыңнан астам ата-ана және 4,3 мың педагог бар.
Жеке консультациялармен қатар, орталықтар профилактикалық жұмыстар жүргізіп, білім беру ұйымдарының мамандарына әдістемелік қолдау көрсетеді. Жыл басынан бері мектеп психологтері мен білім беру жүйесінің басқа да мамандарының кәсіби құзыреттерін арттыруға бағытталған семинарлар, вебинарлар мен практикумдарды қоса алғанда, 25 мыңнан астам іс-шара өткізілді.
Сонымен қатар, 111 байланыс орталығына суицидтік қауіптер, буллинг, зорлық-зомбылық және балалардың құқықтары мен әл-ауқатын қорғауға қатысты басқа да мәселелер бойынша 2,6 мыңға жуық өтініш түсті.
Балалардың психологиялық қиындықтарын ерте анықтауға, қажетті көмекті уақтылы көрсетуге және күрделі өмірлік жағдайға тап болған отбасыларды қолдауға ерекше көңіл бөлінеді.
Орталықтардың жұмысы балалардың психологиялық әл-ауқатын нығайтуға және білім беру ұйымдарында қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.
33 мыңнан астам бала, ата-ана және педагог психологиялық қолдау орталықтарынан көмек алды
Ұқсас материалдар

Сеулде Қазақстанның Республика күніне орай салтанатты қабылдау өтті
Қазақстан Республикасының Кореядағы ЕлшілігіАшу
Мәдениет майталмандары мемлекеттік наградалармен марапатталды
Ақтөбе облысының дін істері басқармасыАшу
Қазақстан қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік деңгейі бойынша әлемдегі үздік 50 елдің қатарына енді
Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі ЕлшілігіАшу
МКК тоғыз айдың қорытындысын шығарып, трансформацияның басым бағыттарын айқындады
Мемлекеттік кірістер комитетіАшу
Энергоминде отын-энергетика кешеніне арналған «Energy AI Kazakhstan» тұжырымдамасы таныстырылды
ҚР ЭМАшу
"Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі" жаңалықтары

Қазақстан мектептерінде оқушыларға жеке қауіпсіздік дағдылары үйретілуде
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшу
Оқу-ағарту министрі өңірлік басқармалардың басшыларымен балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау мәселелерін талқылады
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшу
67 мыңнан астам бала мен жас экологиялық мәдениет пен суды үнемдеу жобасына қамтылды
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшуҚазақстан колледждері жыл сайын 51 мыңнан астам жұмысшы мамандықтарын шығарады
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшу
Қазақстанның 20 өңірінде жаңа форматтағы мектептер салынады
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшу