Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Омбы филиалының студенттері Республика күнін құттықтады

    24 қазанда Омбы қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығы ғимаратының алдында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Омбы филиалының студенттері қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады.

    Іс-шара аясында студенттер қазақтың көрнекті ақыны Мұқағали Мақатаевтың халықты, ана тілін және Отанды ардақтауға арналған «Үш бақытым» өлеңін оқыды.

    Бұл өлең арқылы студенттер қазақ халқы үшін қастерлі саналатын Отан, халық және ана тілі ұғымдарының маңызын жеткізді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы (РФ) Бас консулдығы" жаңалықтары