
2026 жылы 9 қыркүйекте жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулы Керім Қуандыкқұлы Кожамбердиевтің Красноярск өлкесінің Губернаторы Михаил Котюковпен кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Красноярск өлкесі арасындағы өңіраралық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылап, сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылға ерекше назар аударды. Іскерлік байланыстарды одан әрі кеңейтуге, өзара тиімді кооперацияның жаңа бағыттарын айқындауға және бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделілік білдірілді.
Сондай-ақ өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу, көлік және логистика, туризм, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық салаларындағы өзара іс-қимыл перспективаларына назар аударылды. Тікелей өңіраралық байланыстарды дамыту және іскерлік әрі қоғамдық орта арасындағы практикалық өзара іс-қимылды кеңейтудің маңыздылығы атап өтілді.
Жұмыс сапары барысында Бас консул «Енисей Сібірін дамыту корпорациясы» автономды коммерциялық емес ұйымы (КРЕС) Бас директорының орынбасары – инвестициялық даму дирекциясының басшысымен кездесті.
Кездесу барысында Бас консул Қазақстан Республикасының инвестициялық әлеуеті, инвестицияларды өзара тарту мүмкіндіктері, сондай-ақ Қазақстан-Ресей инвестициялық ынтымақтастығының перспективалы бағыттары туралы хабардар етті. Тараптар перспективалы инвестициялық жобалар мен инвесторларды қолдау шаралары туралы ақпарат алмасу, сондай-ақ мүдделі компаниялар мен ұйымдар арасында тікелей байланыстар орнатуға жәрдемдесу мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар Керім Кожамбердиев Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Красноярск қаласындағы Өкілдігінің басшысы Михаил Алексеевич Белоконмен кездесу өткізді.
Тараптар консулдық өзара іс-қимыл және өңірдегі Қазақстан азаматтарының мүдделерін қорғау мәселелері бойынша жұмыс байланыстарын жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесулер қорытындысы бойынша тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, перспективалы жобалар мен инвестициялық мүмкіндіктер туралы ақпарат алмасу, сондай-ақ Қазақстан мен Красноярск өлкесінің іскер топтары арасында тікелей байланыстар орнатуға жәрдемдесу мақсатында жұмыс байланыстарын тұрақты негізде қолдауға уағдаласты.









