Астана қаласындағы Төлеген Айбергенов атындағы №16 жалпы білім беретін мектепте діни ақпаратты дұрыс қабылдау, интернеттегі жалған мәліметтерден сақтану және діни экстремизмнің алдын алу тақырыбында профилактикалық кездесу өтті.
Іс-шара барысында Астана қаласы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы полиция подполковнигі Әбдікәрім Барзуұлы және Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасына қарасты Qamqor-Astana қоғамдық қорының лекторы Арулан Қуатов оқушылармен кездесу өткізіп, тақырып аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында оқушыларға интернет пен әлеуметтік желілерде жарияланған ақпараттың барлығы бірдей шынайы емес екені түсіндірілді. Әсіресе діни мазмұндағы мәліметтерді қабылдау кезінде ақпараттың қайдан алынғанына, авторына және сенімді дереккөздер арқылы расталғанына назар аудару қажеттігі айтылды.
Сонымен қатар оқушыларға күмәнді жарияланымдар мен хабарламаларға бірден сенбей, ақпаратты сыни тұрғыдан бағалау, оның шынайылығын тексеру және расталмаған мәліметтерді таратпау керектігі түсіндірілді. Діни тақырыптарды желеу етіп, азаматтардың санасына теріс ықпал етуге бағытталған материалдардан сақ болудың маңыздылығы да атап өтілді.
Лекция соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды. Сондай-ақ олар тақырып бойынша ұйымдастырылған сауалнамаға қатысып, өз ойларын білдірді. Мұндай интерактивті формат жастардың тақырыпқа деген қызығушылығын арттырып, алған білімдерін саралауға мүмкіндік берді.
Осындай профилактикалық кездесулердің негізгі мақсаты – жастардың ақпараттық сауаттылығын арттыру, сыни ойлау қабілетін дамыту, діни мәселелерге қатысты дұрыс түсінік қалыптастыру және діни экстремизмнің алдын алу.
Полиция интернеттегі ақпаратқа жауапкершілікпен қарауға, мәліметтерді сенімді дереккөздер арқылы тексеруге және жалған ақпараттың таралуына жол бермеуге шақырады.
Астаналық полицейлер оқушыларға діни ақпаратты дұрыс қабылдау және жалған ақпараттан сақтану жолдарын түсіндірді
Ұқсас материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨККЕ КӨТЕРІЛДІ
Байзақ ауданының әкімдігіАшу
Қазақстанда оқушылардың кітап оқу мәдениетін дамыту мүмкіндіктері кеңейіп келеді
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшу
«ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ-ҰРПАҚҚА АМАНАТ» БАСТАМАСЫ АЯСЫНДА 500-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ
Темір ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
Зейнетақы төлемдерінің 2027 жылғы өсімі туралы бейнематериал жарияланды
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша ДепартаментіАшу
Оқу-ағарту министрі БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілімен кездесті
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшу
"Астана қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары

Елордада скутер жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бұзды
Астана қаласының Полиция департаментіАшу
UWW Senior World Wrestling Championships: елордалық полиция күрес чемпионатында профилактикалық акция өткізді
Астана қаласының Полиция департаментіАшу
Елордалық Полиция департаментінде Республика күні аталып өтті: үздік қызметкерлер марапатталды
Астана қаласының Полиция департаментіАшу
Өнерден жеңіске дейін: елордалық полицейлер оқушылармен мотивациялық кездесу өткізді
Астана қаласының Полиция департаментіАшу
Республика құрдасы: ел тыныштығын күзеткен тәртіп сақшысы
Астана қаласының Полиция департаментіАшу