Ақтөбе облысында ауыл тұрғындарының цифрлық сауатын арттыруға бағытталған жоба өтті

    Ақтөбе облысының Ырғыз ауылында тұрғындардың цифрлық сауатын арттыруға және заманауи технологияларды қолдануды үйретуге бағытталған IRGIZ LIFE SKILLS & DIGITAL жобасы өтті.

    Бастама Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының шағын гранттар бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

    Жоба барысында жастар SMM, мобилография және кәсіпкерлік негіздерін меңгерді. Ал аға буын өкілдері электрондық мемлекеттік қызметтер мен мобильді банк қосымшаларын пайдалануды үйреніп, цифрлық қауіпсіздік және жеке деректерді қорғау туралы білім алды.

    Аталмыш жоба ауыл тұрғындарының заманауи технологияларды күнделікті өмірде қолдануына және жергілікті азаматтық бастамалардың дамуына ықпал етеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы" жаңалықтары