ШҚО-да көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды

    ШҚО-ның Күршім ауданында масаң күйде көлікті қайта басқарған жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

    Күршім ауданында полицейлер бұған дейін жауапкершілікке тартылғанына қарамастан, қайтадан алкогольдік масаң күйде көлік басқарған жүргізушіні анықтады.

    Абай көшесінде полиция қызметкерлері 39 жастағы жергілікті тұрғын басқарған Toyota Camry Gracia автокөлігін тоқтатқан. Медициналық куәландыру нәтижесінде жүргізушінің орташа дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғаны расталды.

    Тексеру барысында 2020 жылы ер адамның ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Сол кезде сот оны жеті жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырған. Алайда бұл шектеу оның қайтадан мас күйінде рөлге отыруына кедергі болмаған.

    Аталған факті бойынша іс материалдары соттың қарауына жолданды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Полиция масаң күйде көлік басқару жай ғана жол ережесін бұзу емес, адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретінін ескертеді. Бұған дейін қолданылған жаза да, көлік басқару құқығынан айырылу да жаңа құқық бұзушылық үшін жауапкершіліктен босатпайды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі" жаңалықтары