Түркістан облысында 4 тоннаға жуық қоқысты заңсыз төккен бес тұрғын жауапкершілікке тартылды

    Түркістан облысында "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық жобасы аясында аумақтың тазалығын сақтау және абаттандыру талаптарының бұзылуына жол бермеу бағытындағы рейдтік-профилактикалық шаралар жалғасып жатыр.

    Мәселен, Созақ ауданында полиция қызметкерлері жүргізген рейд барысында тұрмыстық қалдықтарды арнайы белгіленбеген орындарға төккен 5 тұрғын анықталды. Заңсыз төгілген қоқыстың жалпы көлемі 4 тоннаға жуықтаған.

    Полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтарды тіркеп, тұрғындарға тазалық талаптарын сақтау қажеттігін түсіндірді. Аталған фактілер бойынша әкімшілік шаралар көрілді.

    Сонымен қатар полиция қызметкерлері құқық бұзған тұрғындарға қоқыс төгілген аумақтарды өз күштерімен тазалап, қалдықтарды белгіленген орындарға шығару керектігін айтты.

    Полиция азаматтарды көшелер мен қоғамдық орындарды, тұрғын үйлердің айналасын ластамауға, тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын арнайы белгіленген орындарға төгуге шақырады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі" жаңалықтары