Болашақ заңгерлерге елордадағы есірткі қылмысына қарсы күрес туралы айтылды

    Елордадағы М. С. Нәрікбаев атындағы MNU университетінде студенттермен ведомствоаралық кездесу өтті. Іс-шара есірткі қаупіне қарсы іс-қимыл және жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне арналды.
    Кездесуге құқық қорғау органдарының өкілдері қатысып, болашақ заңгерлермен есірткі қылмысына қарсы күрес, құқық бұзушылықтардың алдын алу және заңдылықты қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.
    Елордалық полицейлер ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің өкілдерімен бірлесіп, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл шаралары, есірткі құралдарының заңсыз айналымының құқықтық салдары, сондай-ақ жастардың заңға қайшы әрекеттерге тартылу қаупі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
    Кездесу барысында құқық бұзушылықтардың алдын алудағы құқықтық сауаттылық пен жеке жауапкершіліктің рөліне ерекше назар аударылды. Мұндай кездесулер болашақ заң саласының мамандарына құқық қорғау органдарының қызметімен және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы өзекті мәселелермен тәжірибе жүзінде танысуға мүмкіндік береді.
    Елордалық полиция «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және есірткіге байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған білім беру мекемелеріндегі профилактикалық жұмыстарды жалғастыруда.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары