Еңбекке құрмет – елге құрмет!

    1 / 2

    🌾 Еңбекке құрмет – елге құрмет!

    30 қазан күні Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған аудандық мерекелік іс-шарада Бозой ауылдық округіне қарасты «Ынтымақ» шаруа қожалығының басшысы Құдайбергенов Орынбасар Ауылшаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағының “Елеулі еңбегі үшін” медалімен және
    «Жаңа талап» шаруа қожалығының басшысы Сағымбаев Кенжеғали аудан әкімінің марапатымен марапатталды.

    Ауыл шаруашылығының дамуына үлес қосып, еселі еңбек етіп жүрген азаматтарымызды марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! Дендеріне саулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне табыс пен шаруашылықтарына береке тілейміз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бозой ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары