Темекі тұқылын жерге тастаған: Өскеменде екі тұрғын жауапқа тартылды
Темекі тұқылын жерге тастау әдеті Өскемен қаласының екі тұрғынын әкімшілік жауапкершілікке әкелді. Қоғамдық орындарды ластау деректерінің екеуі де «Мерген» жүйесінің бейнекамералары арқылы тіркелді.
Назарбаев даңғылында 18 жастағы жігіт темекі шегіп болған соң, тұқылын жерге тастаған. Осындай жағдай Астана көшесінде де тіркелді. Мұнда 22 жастағы қала тұрғыны темекі шеккеннен кейін тұқылын жерге тастап кеткен.
Аталған деректер бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Полиция тазалық әр адамның жауапкершілігінен басталатынын еске салады. Көшелер мен аулаларды қоқысқа айналдырмай, темекі тұқылын арнайы қоқыс жәшіктеріне тастау қажет.
«Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға ортақ.
ШҚО ПД баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









