1 / 10
Бірінші кезеңде аталған рұқсат Ақтау қаласының әуежайында, сондай-ақ Павлодар облысындағы «Үрлітөбе», Жамбыл облысындағы «Аухатты», Түркістан облысындағы «Атамекен» және Жетісу облысындағы «Нұрлы жол» автомобиль өткізу пункттерінде тексерілетін болады. Бұл ретте әзірге электрондық рұқсаттың болмауы Қазақстан аумағына кіруден бас тартуға негіз болып табылмайды.
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап жүйе Астана және Алматы қалаларының халықаралық әуежайларында, ал 2027 жылғы 1 наурыздан бастап қалған барлық өткізу пункттерінде енгізіледі. 2027 жылғы 1 шілдеден бастап QazETA электрондық рұқсатын алу міндетті болады. Осы күннен бастап аталған рұқсаттың болмауы Қазақстан Республикасының аумағына кіруден бас тартуға негіз болуы мүмкін.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









