1 / 5
ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА КҮЗГІ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Әл-Фараби ауданы аумағында күзгі маусымға байланысты санитарлық тазалық жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.
Атап айтқанда, «Әл-Фараби» КММ қызметкерлері арнайы техникалардың көмегімен ауданның басты көшелері мен жаяу жүргіншілер жолдарын түскен жапырақтардан, шаң-тозаңнан және тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстарын атқаруда.
Аталған жұмыстардың негізгі мақсаты – аудан аумағының санитарлық жағдайын жақсарту, қала келбетін көркейту және тұрғындарға таза әрі жайлы орта қалыптастыру.
Күзгі тазалық және абаттандыру жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









