АУДАН АУМАҒЫНДА КЕЗЕКТІ АРАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІМ
Бүгін Әл-Фараби ауданы аумағындағы Забадам және Сәуле шағынаудандарын аралап, тұрғындар үшін өзекті мәселелердің жай-күйімен таныстым.
Аралау барысында салынып жатқан балалар ойын алаңшалары, жылу насосының жұмыстарын, ирригациялық жүйелердің жағдайын, көшелер мен аулаларды жарықтандыру, асфальт салу мәселелерін зерделедім.
Аталған аумақтардағы инфрақұрылым нысандарының қазіргі жағдайына назар аударып, анықталған кемшіліктерді жою және көтерілген мәселелерді кезең-кезеңімен шешу бойынша жауапты сала мамандарына нақты тапсырмалар бердім.
Аудан аумағын аралау, өзекті мәселелерді анықтау және олардың шешілу барысын бақылау жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









