ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

    1 / 4

    ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

    Бүгін Әл-Фараби ауданы аумағындағы Республика даңғылы, №29 мекенжайында ауқымды сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.

    Сенбіліктің негізгі мақсаты – аудан аумағының санитарлық тазалығын қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау, тұрғындарға қолайлы әрі таза орта қалыптастыру және экологиялық мәдениетті арттыру.

    Тазалық шарасы аясында аумақты қоқыстан тазарту, жиналған қалдықтарды шығару және айналаны ретке келтіру жұмыстары жүргізілді.

    Мұндай тазалық іс-шаралары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады.

    Таза аудан – ортақ жауапкершілік!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты" КММ" жаңалықтары