АУДАН АУМАҒЫНДА КЕЗЕКТІ АРАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІМ

    1 / 5

    АУДАН АУМАҒЫНДА КЕЗЕКТІ АРАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІМ

    Бүгін Әл-Фараби ауданы аумағындағы Күншығыс, 17 және Теріскей шағынаудандарын аралап, тұрғындар үшін өзекті мәселелердің жай-күйімен таныстым.

    Аралау барысында салынып жатқан балалар ойын алаңшаларының құрылыс жұмыстарын, ирригациялық жүйелердің жағдайын, көшелер мен аулаларды жарықтандыру, гараждар мен автотұрақтарға қатысты мәселелерді зерделедім.

    Аталған аумақтардағы инфрақұрылым нысандарының қазіргі жағдайына назар аударып, анықталған кемшіліктерді жою және көтерілген мәселелерді кезең-кезеңімен шешу бойынша жауапты сала мамандарына нақты тапсырмалар бердім.

    Аудан аумағын аралау, өзекті мәселелерді анықтау және олардың шешілу барысын бақылау жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты" КММ" жаңалықтары