1 / 4
ҚАЛА ӘКІМІНІҢ КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ
Жоспарға сәйкес, қала әкімі Ғабит Сыздықбеков тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келген Әл-Фараби ауданының тұрғындары өздерін толғандырған бірқатар мәселелерді көтерді.
Кездесу барысында жол белгісін орнату, ағаш қырқу, аяқжолды ретке келтіру, қоқыс тастауға арналған контейнерлерді жаңарту, жолды асфальттау секілді маңызды мәселелер талқыланды.
Әрбір өтініш назарға алынып, жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.









