Индира Қыдырмолдаева әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

    Ұлытау облысының боксшысы Индира Қыдырмолдаева Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында қола медаль иеленді.

    60 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық боксшы жартылай финалда Қытай спортшысы Шаша Вангпен қолғап түйістіріп, 1:3 есебімен жол берді.

    Осылайша, Индира Қыдырмолдаева әлем чемпионатын қола жүлдемен аяқтады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысының әкімдігі" жаңалықтары