Ұлытау облысында қолжетімді баспана алу мүмкіндіктері кеңейеді

    1 / 4

    Отбасы банк пен Ұлытау облысының әкімдігі 2027-2029 жылдарға арналған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат өңірде қолжетімді тұрғын үй несиелендіру жүйесін дамытуды көздейді.

    Бастаманы жүзеге асыруға жыл сайын 3 млрд теңге бағытталады. Оның 2,5 млрд теңгесін Отбасы банк, ал қалған 500 млн теңгесін облыс әкімдігі бөледі.

    Өңір тұрғындары жылдық 5 пайыздық несие мөлшерлемесімен және 10 пайыздан басталатын бастапқы жарнамен жеңілдетілген шарттар бойынша баспана сатып ала алады.

    Облыста қазірдің өзінде «Ұлытау жастары» және «Сәтбаев жұмыскер» бірлескен тұрғын үй бағдарламалары жүзеге асырылып жатыр. Бұл бағдарламалар тұрғындарға маңызды мәселелердің бірі – жеке баспана сатып алу мәселесін шешуге көмектеседі.

    Жаңа келісім тұрғын үй бағдарламаларын одан әрі дамытуға, жас мамандар мен отбасыларға көрсетілетін қолдауды кеңейтуге мүмкіндік береді. Қолжетімді баспана тұрғындардың өмір сүру жағдайын жақсартуға және облыстың әлеуметтік дамуына ықпал етеді.

    Еске сала кетейік, Республика күні қарсаңында Жезқазған қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға жаңа пәтерлердің кілттері салтанатты түрде табысталды. Бұл көптеген отбасы үшін көптен күткен қуанышты оқиға болды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысының әкімдігі" жаңалықтары