Ұлытау облысындаРеспублика күніне орай республикалық Republic Day және Bereke Fest акциялары өтеді.
Республика күні қарсаңында Ұлытау облысы өңірінде 2026 жылғы 17 қазаннан 27 қазанға дейін қоса алғанда «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акциялары өтеді. Бұл күні тұтынушыларға түрлі тауарлардың кең таңдауы төмендетілген бағамен ұсынылатын болады.
Мерекелік ұсыныстардың ең қызу кезеңі 21–27 қазан аралығына жоспарланған. Дәл осы күндері акциялардың негізгі бөлігі, арнайы бағалық ұсыныстар мен мерекелік жеңілдіктер болады. Сатып алушылар азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды тиімді шарттармен сатып ала алады.
Жалпыреспубликалық науқанның бастамашылары - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар.
Акцияларды өткізу ұлттық мерекеге орайластырылған және халық үшін қажетті тауарлардың қолжетімділігін арттыруға, тұтынушылық сұранысты қолдауға әрі ішкі саудаға қосымша серпін беруге бағытталған. Отандық өндірушілердің өнімдерін өткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше назар аударылады.
Ұлытау облысында «Republic Day» және «Bereke Fest» акцияларына қатысатын сауда нысандарының толық тізімімен және олардың мекенжайларымен төменде танысуға болады.
Ұлытауоблысы әкімдігінің баспасөз қызметі
«Republic Day»республикалық акциясы | |||
1 |
Ұлытау облысы |
Балалар ойын-сауық орталығы "Kinder Land" |
Жезқазған қ., Абай көшесі, 101 |
2 |
Ұлытау облысы |
Ойыншықтар дүкені "Мир игрушек" |
Жезқазған қ., Сейфуллин көшесі, 69 |
3 |
Ұлытау облысы |
Қыш жасау қызметтері "Академия исскуств" |
Жезқазған қ., Абай көшесі, 47 |
4 |
Ұлытау облысы |
СҮ "Шаруа" |
Жезқазған қ., Сейфуллин көшесі, 59А |
5 |
Ұлытау облысы |
СҮ "Технодом" |
Жезқазған қ., Ғарышкерлер көшесі, 25а |
6 |
Ұлытау облысы |
СО "YRYS – QUT" |
Жаңаарқа ауданы, Дәулетбеков көшесі, 78 |
7 |
Ұлытау облысы |
СО "Нур Кидс" |
Сәтбаев қ., Абай көшесі, 50 |
8 |
Ұлытау облысы |
СҮ "Арзан" |
Сәтбаев қ., Сәтбаев даңғылы, 120 |
9 |
Ұлытау облысы |
СҮ "Арзан Сатпаев Микс" |
Сәтбаев қ., Сәтбаев даңғылы, 108А |
10 |
Ұлытау облысы |
СҮ «Астана» |
Сәтбаев қ., Сәтбаев даңғылы, 120А |
«Bereke Fest»республикалық акциясы | |||
1 |
Ұлытау облысы |
СЖ "Samadi Mart" |
Жезқазған қ., Абай көшесі, 140 |
2 |
Ұлытау облысы |
СЖ "Акцент" |
Жезқазған қ., Алаша хан даңғылы, 27 |
3 |
Ұлытау облысы |
СЖ "Самади" |
Жезқазған қ., Мир даңғылы, 45 |
4 |
Ұлытау облысы |
СЖ "Самаз" |
Жезқазған қ., Сейфуллин көшесі, 23 |
5 |
Ұлытау облысы |
СЖ "Юникс" |
Жезқазған қ., Ғарышкерлер көшесі, 32 |
6 |
Ұлытау облысы |
СЖ "Самади" |
Сәтбаев қ., Сәтбаев даңғылы, 122а |
7 |
Ұлытау облысы |
Дүкен "Алия" |
Жаңаарқа ауданы, Сейфуллин даңғылы, 15 |
8 |
Ұлытау облысы |
Дүкен "Жандос" |
Жаңаарқа ауданы, Дәулетбеков көшесі, 76/1 |
9 |
Ұлытау облысы |
Дүкен "Сымбат" |
Ұлытау ауданы, Абай көшесі, 28 |






