Республика күні қарсаңында Шымкент қаласында 2026 жылғы 17 қазаннан 27 қазанға дейін қоса алғанда «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акциялары өтеді. Бұл күні тұтынушыларға түрлі тауарлардың кең таңдауы төмендетілген бағамен ұсынылатын болады.
Мерекелік ұсыныстардың ең қызу кезеңі 21–27 қазан аралығына жоспарланған. Дәл осы күндері акциялардың негізгі бөлігі, арнайы бағалық ұсыныстар мен мерекелік жеңілдіктер болады. Сатып алушылар азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды тиімді шарттармен сатып ала алады.
Жалпыреспубликалық науқанның бастамашылары - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар.
Акцияларды өткізу ұлттық мерекеге орайластырылған және халық үшін қажетті тауарлардың қолжетімділігін арттыруға, тұтынушылық сұранысты қолдауға әрі ішкі саудаға қосымша серпін беруге бағытталған. Отандық өндірушілердің өнімдерін өткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше назар аударылады.
Шымкент қаласында «Republic Day» және «Bereke Fest» акцияларына қатысатын сауда нысандарының толық тізімімен және олардың мекенжайларымен төменде танысуға болады.
«Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акцияларына қатысатын сауда нысандарының тізімі:
«Republic Day»
ОСО «Mega Planet» (Тауке хан даңғылы 13);
СО «Гипер Хаус» (М. Дулати көшесі 200 А);
ОСО «Shymkent Plaza» (Әл-Фараби алаңы 3/1);
ОСО «Наурыз парк» (Бәйдібек би даңғылы 25);
ОСО «Фиркан Сити» (Тәуке хан даңғылы 330);
ОСО «Diamond Plaza» (Н. Назарбаев даңғылы 177 Б);
ОСО «Shymkent City Mall» (Бәйдібек би даңғылы 362/7);
ОСО «Royal Plaza» (Д. Қонаев даңғылы 122);
СО «Нұрсәт Сити» (Нұрсат ш/а 121 А);
ОСО «DUR PLAZA» (Бәйдібек би даңғылы 70);
ОСО «Dala Mall» (Алматы тас жолы 13 А);
СҮ «Береке» (Тәуке хан даңғылы 18);
Гипермаркет «Эврика» (Тәуке хан даңғылы 334);
СҮ «Аль-Фараби» (Темірлан тас жолы 19);
СҮ «Арман Сити» (Байтұрсынов көшесі 20 В);
СҮ «Технодом» (Тәуке хан даңғылы 13).
«Bereke Fest»
«GraMad» Сауда желісі (Жибек жолы көшесі 58, Б. Момышұлы көшесі 6, Ғ. Иляев көшесі 10, Қ. Төлеметов көшесі 69/42, А. Аскаров көшесі 34);
«Баян Сұлу» Сауда желісі (Темірлан тас жолы 9);
«F-mart» Сауда желісі (Ж. Адырбеков көшесі 39, Тәуке хан даңғылы 330);
«Turan» Сауда желісі (Ғ. Иляев көшесі 86, Ж. Алдияров көшесі 38/3).a









