СҚО-да етті мал шаруашылығының әлеуетін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

    1 / 4

    Өңірге алғаш рет Австралиядан асыл тұқымды ірі қара тікелей жеткізілді. Алғашқы әуе рейсімен абердин-ангус тұқымды 304 бас ірі қара әкелінді. Олар Шал ақын ауданындағы «Asyl Farms» ЖШС-не жіберіледі.

    Мал шаруашылығын дамыту және өңірдің асыл тұқымды мал базасын қалыптастыру – агроөнеркәсіп кешенінің басым бағыттарының бірі. Жыл басынан бері облысқа Германия мен Даниядан 3 мыңнан астам асыл тұқымды ірі қара жеткізілді. Жыл соңына дейін Австралиядан тағы 10 әуе рейсін қабылдау жоспарланып отыр. Жалпы, шетелден әкелінетін мал басын 11 мың ірі қараға және 1,5 мыңнан астам ұсақ мал жеткізу көзделген.

    Бүгінде өңірде 118 тауарлы-сүт фермасы жұмыс істейді, оның 50-і – заманауи кешендер. «Береке» және «Игілік» мемлекеттік бағдарламалары аясында жылдық 6 % мөлшерлемемен жеңілдетілген қаржыландыру қарастырылған. Облыста жалпы құны 15 млрд теңгені құрайтын 23 жобадан тұратын пул бекітілді. Аталған жобаларды жүзеге асыру өңірде өнімділігі жоғары асыл тұқымды ірі қара базасын қалыптастыруға, сапалы ет өндірісін ұлғайтуға және экспорттық әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі" жаңалықтары