Маңғыстау облысы Әділет департаментінің "Зияткерлік меншік құқығы" бөлімінің бас маманы Қ.Баспаулиева Маңғыстау өңірінде балқаймақ және өзге де ұлттық тағам өнімдерін өндірумен айналысатын кәсіпкерлермен кездесу өткізді

    1 / 2

    Маңғыстау облысы Әділет департаментінің "Зияткерлік меншік құқығы" бөлімінің бас маманы Қ.Баспаулиева Маңғыстау өңірінде балқаймақ және өзге де ұлттық тағам өнімдерін өндірумен айналысатын кәсіпкерлермен кездесу өткізді.

    Кездесудің негізгі мақсаты – Маңғыстау өңірінде өндірілетін дәстүрлі және ұлттық өнімдердің ерекшелігін құқықтық тұрғыдан қорғау, олардың танымалдылығын арттыру және жергілікті кәсіпкерлерге географиялық нұсқаманы тіркеу бойынша практикалық көмек көрсету.

    Кездесу барысында кәсіпкерлерге географиялық нұсқаманы тіркеудің маңыздылығы, оны тіркеу тәртібі және географиялық нұсқамаға құқықтық қорғау алу үшін қажетті құжаттарды дайындау мен ұсыну тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Сонымен қатар, кәсіпкерлерге географиялық нұсқамаға өтінім беру, қажетті құжаттарды жинақтау, өтінімнің Маңғыстау өңірімен байланысын және оның ерекше қасиеттерін растайтын мәліметтерді ұсыну мәселелері түсіндірілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Әділет департаменті" жаңалықтары