1 / 3
Маңғыстау облысында азаматтардың құқықтық көмекке қолжетімділігін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жалғасуда.
30.09.2026 жылы Маңғыстау облысы Әділет департаменті мен Маңғыстау облыстық "Әділет" партиясының ұйымдастыруымен Мұнайлы ауданының Баянды ауылында мобильді қоғамдық қабылдау өтті.
Іс-шара барысында құқық қорғау органдарының және заң қауымдастығының өкілдері ауыл тұрғындарымен кездесіп, олардың сауалдарын тыңдап, заң аясында шешу жолдарын ұсынды.
Аталған бастама азаматтардың құқықтық көмекке қол жеткізу мүмкіндігін кеңейтуге, мемлекеттік органдардың ашықтығын арттыруға және халықпен кері байланысты нығайтуға бағытталған.









