«Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету, сондай-ақ азаматтардың құқықтық көмекке қолжетімділігін арттыру мақсатында Маңғыстау облысы Әділет департаменті «Жанұя» отбасын қолдау орталығымен бірлесіп азаматтарға арналған «Тегін заң көмегі» акциясын ұйымдастырды.

    Аталған іс-шараның негізгі мақсаты - халыққа сапалы әрі қолжетімді құқықтық көмек көрсету, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

    Кездесу барысында Маңғыстау облысының заң қауымдастығы өкілдері азаматтарды толғандырған құқықтық мәселелер бойынша кеңестер беріп, қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар ұсынды. Сонымен қатар, заң көмегін алу тәртібі, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері және қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Әділет департаменті" жаңалықтары