Зайсан ауданында иммунопрофилактика мәселелері бойынша жиын өткізілді

    Зайсан ауданында иммунопрофилактика мәселелері бойынша жиын өткізілді
    Зайсан ауданында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету және профилактикалық екпелермен қамтуды арттыру мәселелеріне арналған жиын өтті.
    Жиынды Зайсан ауданының әкімі Аэлита Ахметсәлімқызы кіріспе сөзбен ашты.
    Жиын барысында:
    - иммунопрофилактика саласындағы проблемалық мәселелер және вакцинацияның ақпараттық жүйесімен жұмыс;
    - ⁠Қазақстан Республикасының профилактикалық екпелер күнтізбесіне сәйкес 2026 жылдың 8 айындағы халықты профилактикалық екпемен қамту көрсеткіштері;
    - ⁠ауданда екпемен қамту деңгейін арттыру бойынша ұсыныстар;
    - ⁠қоғамдық тамақтану орындарында тамақтан уланудың алдын алу;
    - ⁠ e-sen.kz санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау ақпараттық жүйесіне декреттелген объектілердегі қызметкерлердің жеке медициналық бақылау кітапшалары бойынша деректерді толық әрі уақтылы енгізуді қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
    Жиында аталған мәселелер бойынша Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары С. Слямғазина ,
    Зайсан аудандық ауруханасының бас дәрігері М.Мырзабекова және Зайсан аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Н.Каирлина баяндама жасады.
    Кездесу соңында көтерілген мәселелер талқыланып, халықты профилактикалық екпемен қамтуды арттыру, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты сақтау және тамақтан уланудың алдын алу бағытында тиісті ұсыныстар айтылды.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары