ҚАЛА КӨРКІ ЖОЛЫНДАҒЫ ТЫНЫМСЫЗ ЕҢБЕК
Әл-Фараби ауданы аумағында қаланың көркін арттыру және жасыл желектерді көбейту мақсатында абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Атап айтқанда, «Әл-Фараби» КММ-нің тазалық қызметкерлері түнгі уақытта да тынымсыз еңбек етіп, жер қопару, топырақты дайындау және гүл егу жұмыстарын атқаруда.
Осы орайда, еңбек адамдарына қолдау көрсету мақсатында «Mega Most Construction» мекемесінің басшысы Әсет Қалмаханұлының демеушілігімен қызметкерлерге ыстық тамақ пен шай таратылды.
Бұл игі бастама – қаламыздың тазалығы мен көркеюі жолында аянбай еңбек етіп жүрген азаматтарға көрсетілген ерекше құрмет пен қамқорлықтың жарқын көрінісі.
Қала көркі үшін тер төккен еңбеккерлерге алғысымызды білдіреміз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







