1 / 5
ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ЖАҢА МУРАЛДАР САЛЫНУДА
Әл-Фараби ауданы аумағында қаланың сәулеттік келбетін жақсарту және қоғамдық кеңістіктердің эстетикалық тартымдылығын арттыру мақсатында жаңа муралдар салу жұмыстары жүргізілуде.
Атап айтқанда, Ә. Молдағұлова көшесіндегі №12, №25 және Күншығыс шағынауданындағы №28 мекенжайларында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттеріне көркем суреттер салынуда.
Аталған жұмыстар қаланың көркін арттыруға, тұрғындарға қолайлы әрі тартымды орта қалыптастыруға бағытталған.
Аудан аумағын абаттандыру және сәулеттік келбетін жаңғырту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









