Зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру саласында 2026 жылғы 10 айдағы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы

    1 / 3

    Астана қаласы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің департаменті(бұдан әрі – Департамент)өз құзыреті шегінде халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асырады.

    Департаменттің негізгі міндеттерінің бірі – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету. Осы міндетті орындау барысында:

    іске асыру функциялары– республикалық бюджеттен төленетін зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау туралы шешімдер қабылдау, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және медициналық-әлеуметтік сараптама саласындағы жұмыстарды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру;

    бақылау функциялары– Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес өз өкілеттігі шегінде зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру, медициналық-әлеуметтік сараптама, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету салаларындағы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.

    2026 жылдың 10 айында Департамент зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындау бойынша (15 қызмет түрі) 116 296 мемлекеттік қызмет көрсетті, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6%-ға артық(2025 жылы – 109455 қызмет).

    Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің негізгі үлесін төмендегілер құрайды:

    1) Зейнетақы төлемдерін тағайындау – барлығы 30 229 тағайындау, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1%-ға артық (2025 ж. – 29877), оның ішінде жасына байланысты зейнетақы төлемдері – 15828 қызмет; мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі – 14401 қызмет.

    2) Балалы отбасыларға жәрдемақылар тағайындау – барлығы 49 046 төлем, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4%-ға көп(2025 ж. – 47089 мемлекеттік қызмет). Оның ішінде:

    - бала тууына және бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жәрдемақылар – 22 463 төлем;

    - көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы – 20 727 төлем;

    - мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға берілетін жәрдемақы – 5213 төлем;

    - «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналарға – 643 төлем тағайындалды.

    3) Сонымен қатар, мүгедектігіне және асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты жәрдемақыларды тағайындау – барлығы 21 227 төлем, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен (19 244) салыстырғанда 10%-ға көп.

    Сонымен қатар, инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының енгізілген сомасы мен төленуге тиісті сома арасындағы айырманы төлеуді тағайындау туралы 8096 шешім қабылданды (2025 ж – 6178), бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31%-ға артық.

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

    2025 ж.онайда көрсетілген қызметтер

    2026 ж.онайда көрсетілген қызметтер

    2025 ж.онайда қайта қаралған

    2026 ж.онайда қайта қаралған

    2025 ж.онайдағы барлығы

    2026 ж.онайдағы барлығы

    %

    (+:-)

    1.Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау

    8460

    8672

    7035

    7156

    15495

    15828

    2,14

    2.Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау

    8959

    9527

    5423

    4874

    14382

    14401

    0,13

    3.Мүгедектігі бойынша мемлекеттік жәрдемақы

    3209

    3318

    9375

    10358

    12584

    13676

    8,68

    4.Асыраушысынан айырылужағдайы бойыншажәрдемақы

    698

    733

    5962

    6818

    6660

    7551

    13,38

    5.Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау

    852

    869

    1267

    1329

    2119

    2198

    3,73

    6.РБ бала тууына және бала күтіміне байланысты жәрдемақыларды тағайындау

    23717

    22352

    91

    111

    23808

    22463

    -5,65

    7.Мүгедектігі бар баланытәрбиелеп отырғаната-анаға, қорғанышынажәрдемақытағайындау

    1441

    1624

    3169

    3589

    4610

    5213

    13,08

    8.Жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау

    3253

    3545

    0

    0

    3253

    3545

    8,97

    9.Инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ, МЗЖЖ) сомасының айырмасын төлеуді тағайындау (мемлекеттік кепілдік)

    6178

    8096

    0

    0

    6178

    8096

    31,05

    10Алтын алқа, Күміс алқаалқаларымен наградталған аналарғажәрдемақытағайындау

    445

    393

    273

    250

    718

    643

    -10,45

    11.Көпбалалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау

    3228

    2760

    14725

    17967

    17953

    20727

    15,45

    12.Күтім жасаушы адамға жәрдемақы тағайындау

    580

    853

    515

    622

    1095

    1475

    34,7

    13.Арнаулы кәсіптік жәрдемақытағайындау

    162

    151

    0

    0

    162

    151

    -6,79

    14.Семей полигонынын зардап шеккендерге арналған біржолғытөлем тағайындау

    331

    321

    17

    1

    348

    322

    -7,47

    15.Саяси қуғын‑сүргін құрбандарыберілетін біржолғы төлем тағайындау

    46

    6

    41

    1

    87

    7

    -91,95

    61559

    63220

    47893

    53076

    109452

    116296

    6,25

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ақпараттық жүйелерді жетілдіру және оларды мемлекеттік дерекқорлармен интеграциялау жұмыстарын тұрақты түрде жалғастыруда. Бұл қажетті мәліметтерді автоматты түрде алуға және азаматтардан қосымша құжаттарды талап ету қажеттілігін азайтуға мүмкіндік береді.

    Осы бағыттағы маңызды жетістіктердің бірі – мемлекеттік қызметтерді проактивті форматта көрсету жүйесінің енгізілуі. Бұл формат азаматтың жекелеген жәрдемақы түрлерін алуға құқығы туындаған кезде министрліктің ақпараттық жүйесі әлеуетті алушыны автоматты түрде анықтап, оған SMS-хабарлама жіберетінін білдіреді. Азаматқа қызмет алуға келісімін растау жеткілікті, содан кейін төлем тағайындау процесі басталады.

    Бүгінгі таңда цифрландырудың арқасында 11 мемлекеттік қызмет проактивті форматта көрсетіледі. Бұл азаматтарға мемлекеттік органдарға бармай-ақ, SMS-хабарлама арқылы келісімін растау жолымен жәрдемақылардың жекелеген түрлерін қашықтан рәсімдеуге мүмкіндік береді.

    Сонымен қатар, бала тууға байланысты жәрдемақы, бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жәрдемақы және көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы сияқты төлемдерге өтінішті екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы беруге болады.

    2026 жылдың басынан бері проактивті форматта 46 102 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 10 401 төлем адам қатысуынсыз автоматты түрде тағайындалды.

    Жалпы, әлеуметтік саланы цифрландыру мемлекеттік қызметтердің сапасын, қолжетімділігін және жеделдігін арттыруға ықпал етеді.

    Біздің басты міндетіміз - азаматтардың өздеріне тиесілі әлеуметтік қолдау шараларын уақтылы әрі ыңғайлы түрде алуын қамтамасыз ету. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

    Сонымен қатар, Департамент зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындау үшін ұсынылған құжаттардың дұрыстығын қамтамасыз етуге бағытталған бақылау функцияларын да жүзеге асырады. Осы жұмыс аясында төлемдер тағайындалғаннан кейін де құжаттарға тексеру жүргізіледі.

    Жылдың басынан бері ұсынылған құжаттардың дұрыстығына қатысты 1 048 зейнетақы ісі тексерілді. Оның ішінде 361 іс-құжаттар еңбек өтілінің сәйкестігін растау мақсатында, ал 418 іс-құжаттар зейнеткерлік жасқа толар алдында өткен кезеңдер үшін міндетті зейнетақы жарналарын аудару арқылы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілінің ұлғаю фактісіне тексерілді.

    Тексеру барысында Департамент еңбек өтілі мен азаматтардың табысы туралы мәліметтерді растау үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдарға, оның ішінде мемлекеттік архивтерге және мемлекеттік кірістер органдарына сұрау салулар жолдайды. Қажет болған жағдайда шет мемлекеттердің архивтік мекемелеріне де сұрау салулар жіберіледі.

    Ұсынылған құжаттардың дұрыстығы расталмаған жағдайда, тиісті зейнетақы істерінің материалдары одан әрі қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданады.

    Бұл жұмыс зейнетақы төлемдерін тағайындаудың заңдылығы мен негізділігін қамтамасыз етуге, негізсіз төлемдердің алдын алуға бағытталған.

    Осыған байланысты елорда тұрғындары мен азаматтарынан зейнетақы төлемдерін рәсімдеуге қажетті құжаттарды дайындау кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қатаң сақтауды және заңға қайшы әрекеттерге жол бермеуді сұраймыз.

    Зейнетақы төлемдерін тағайындауға қатысты барлық сұрақтар бойынша Астана қаласы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментіне жүгінуге болады. Өтініштерді«e-Otinish»ақпараттық жүйесі арқылы жолдауға немесе98-52-77, 98-74-57, 98-53-27телефондары арқылы хабарласуға болады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ » РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕКТТІК МЕКЕМЕСІ" жаңалықтары